Ұйымның сайтында хабарланғандай, зымыран Сатиш Дхаван атындағы Ғарыш орталығы орналасқан Бенгал шығанағындағы Шрихарикота аралындағы ғарыш айлағынан ұшырылды.
XPoSat спутнигінің міндеті — қара құрдымды зерттеу.
Ведомствоның мәліметінше, бұл құрылғы — аспан көздерінен рентгендік сәулеленуді ғарыштық өлшеу саласында зерттеу жүргізуге арналған алғашқы мамандандырылған ғылыми аппарат.
Спутник екі пайдалы жүкті тасымалдайды: POLIX (астрономиялық бақылау жүргізу үшін рентгендік поляриметр) және XSPECT (рентген спектроскопия және хронометрлеу).
Үндістан ғарыш агенттігінің атап өтуінше, XPoSAT ұшырудың арқасында Үндістан АҚШ-тан кейін қара құрдым мен нейтрон жұлдыздарын зерттейтін станциясы бар екінші ел болды.
Зымырантасығышқа орнатылған жабдық тағы 10 ғылыми тәжірибе жасауға мүмкіндік береді.