Үндістан Қытай азаматтарына туристік виза беруді қайта бастайды

АСТАНА. KAZINFORM — Үндістан 2024 жылғы 24 шілдеден бастап Қытай азаматтарына туристік визалар беруді қайта жандандырады, деп хабарлайды NDTV. 

Фото: pixabay.com.

2020 жылы Үндістан COVID-19 пандемиясына байланысты барлық туристік визаны беруді уақытша тоқтатқан болатын.

Үндістанның Бейжіңдегі елшілігінің хабарлауынша, Қытай азаматтары туристік виза алу үшін онлайн өтінім толтырып, қабылдауға жазылып, төлқұжат пен қажетті құжаттарды Үндістанның Бейжің, Шанхай және Гуанчжоу қалаларындағы визалық орталықтарға жеке тапсыруы тиіс.

COVID-19 пандемиясы және 2020 жылы Галван өзеніндегі қақтығыстардан кейін Үндістан мен Қытай арасындағы қатынастар айтарлықтай шектелген. Қытай біртіндеп Үндістан азаматтарына, әсіресе студенттер мен кәсіпкерлерге виза беруді қайта бастағанымен, туристік сапарға шектеу сақталып келді.

2023 жылдың қазан айында Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазанда кездесу өткізіп, екіжақты қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған бірқатар шешім қабылдаған еді.

NDTV мәліметінше, биылғы жылдың басында қос ел қарым-қатынасты қалпына келтіру жолдарын талқылап, гуманитарлық байланыстарды кеңейту бойынша шаралар қабылдауға уағдаласқан.

Айта кетейік, бұған дейін Таиландтың бұрынғы премьер-министрі Таксин Чинават елде 1 миллион доллар көлемінде инвестиция салған шетелдіктерге арналған «алтын визаларды» енгізу туралы ұсыныс жасаған болатын.

Айта кетелік Үндістан алғашқы отандық чипін 2025 жылы шығарады