Хабарламаға сәйкес, сынақ Одиша штатындағы зымыран полигонында өткізілген.
Зымыранның бұл нұсқасын Қорғаныс зерттеулері мен әзірлемелер ұйымы дайындағаны атап өтілді.
Қазіргі уақытта Agni-5 зымыранының максималды қашықтығы 7 мың шақырымға жуықтаса, оны 7,5 мың шақырымға жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, Үндістан қысқа қашықтыққа арналған екі баллистикалық зымыран – Prithvi-II және Agni-I-дің сынақтық ұшыруларын сәтті жүзеге асырғаны жайлы жазған едік.