— GSLV-F18 зымыран тасығышы NVS-03 навигациялық жерсерігін белгіленген эллиптикалық орбитаға сәтті және дәл шығарды, — деді ISRO бас директоры Ваннияперумал Нараянан Андхра-Прадеш штатынын Шрихарикота аралында орналасқан Сатиш Дхаван атындағы ғарыш орталығында.
ISRO басшысының айтуынша, осы сәтті старттың арқасында Үндістанның NavIC аймақтық навигациялық жерсерік жүйесі қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет спутниктер саны толықтырылды.
— NavIC — Үндістанға позициялау, навигация және дәл уақыт қызметтерін дербес пайдалануды қамтамасыз ететін стратегиялық ұлттық ресурс, — деп атап өтті Нараянан.
ISRO мәліметтері бойынша, NavIC спутниктік навигациялық жүйесі Үндістан ішінде және оның шекарасынан тыс 1500 км-ге созылып жатқан аумақтарға мекен, навигация және уақыт қызметтерін ұсынуға арналған. Бұл жоба Американың GPS жүйесіне балама болатыны айтылып отыр.
Бұған дейін Қытай Жерді бақылау үшін жаңа спутниктерді ұшырғанын хабарлаған едік.