Үндістанда 14 адам мінген көлік каналға құлап кетті
АСТАНА. KAZINFORM — Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында жолаушылар мінген көлік Сария каналына құлады, деп хабарлайды NDTV.
Апат салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алды.
— Көлікте кемінде 14 адам болған. Жолаушылар суға батып бара жатқан көлікті байқап, дереу жергілікті полиция бөліміне хабарласқан. Тәртіп сақшылары мәйіттерді алып шыққаннан кейін қаза тапқандар арасында балалардың да бар екені анықталды, — делінген хабарламада.
Үндістан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Рандхир Джайсвал төрт адамның құтқарылғанын айтты. Зардап шеккендер жеңіл жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Уттар-Прадеш штатының бас министрі Ёги Адитянатх оқиғаға байланысты көңіл айтты.
Ол марқұмдардың әрқайсысының отбасына 500 000 рупий (шамамен 5 800 доллар) көлемінде бір реттік өтемақы берілетінін айтты.
Еске сала кетейік, Үндістанның шығысында найзағай соғуынан 33 адам қаза тапты.