Үндістанда 40-тан астам жұмысшы сегіз тәулік бойы үйінді астында қалып қойды

Үндістанда құтқарушылар туннельде қалып қойған 41 жұмысшыны құтқарудың басқа амалын қарастырып жатыр. Каzinform бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Midjourney

Жұма күні құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде сатыр-сұтыр дыбыс естілгенде, олар жоспарын қайта қарастыруына тура келген.

Ресми мәлімдемеде жұмысшылар үшін «құтқару жолын» ашатын екі параллель туннель бұрғылау жоспарланғаны айтылды.

Жексенбіде оқиға орнына барған елдің Көлік қозғалысы және магистральдар министрі Нитин Гадкаридің хабарлауынша, құтқару операциялары «екі-үш күнге» созылуы мүмкін.

Ол Гималайда жұмыс жүргізу күрделі екенін түсіндіріп, қазіргі кезде екі бұрғылау қондырғысы қолданылып отырғанын айтты. Бірінші қондырғы жұмсақ топырақты бұрғылап жатыр, бірақ тастарға тиген кезде проблемаға тап болған. Мамандар бұл проблеманы шешті, деді ол.

Еске сала кетсек, 12 қарашада 40-қа жуық жұмысшы Уттуракханд штатында туннель құрылысын жүргізу кезінде үйінді астында қалып қойған. Көп ұзамай ішіндегі адамдармен байланыс орнатылды, оларға оттегі, тамақ және су жеткізілді.