Үндістанда әлемдегі ең биік теміржол көпірі ашылды

Фото: Uza.uz

АСТАНА. KAZINFORM – Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди Кашмир жазығын елдің басқа өңірлерімен байланыстыратын Ченаб теміржол көпірінің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы uza.uz хабарлады. 

Ұзындығы 1,3 шақырымды құрайтын және теңіз деңгейінен 359 метр биіктікте орналасқан бұл көпір – жер бетіндегі ең биік теміржол өткелі. 

– Ченаб теміржол көпірі – тек инженерлік керемет қана емес, сонымен қатар Джамму мен Сринагар арасындағы байланысты нығайтатын маңызды нысан, - деп жазды Моди X әлеуметтік желісінде.

Сонымен қатар Үндістан Премьер-министрі Джамму мен Кашмир одағы аймағындағы байланысты күшейтуге бағытталған Катра қаласында жалпы құны 460 миллиард рупийге (шамамен 5,4 миллиард АҚШ доллары) бағаланған инфрақұрылым жобаларын іске қосты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Моңғолия мен Қытай арасындағы екінші теміржолдың құрылысы басталғанын жазған едік.