Нөмір Харьяна штатында онлайн-аукцион арқылы сатылған. Ондағы әріптер мен сандар комбинациясы ерекше тартымды. Яғни B әрпі бір қарағанда 8 санын еске түсіреді, ал жалпы комбинация алты сегіздің қатарын құрайды. Нумерологияға сәйкес, 8 саны байлық, табыс пен өркендеумен байланысты.
Сәуір айында миллиардер Вену Гопалакришнан KL07DG0007 нөмірін 4,6 миллион үнді рупийіне (шамамен 50 мың доллардан аса) сатып алған еді. Соңғы сандар Джеймс Бондтың кодтық нөмірін еске түсіреді.
Еске сала кетсек, Apple компаниясы Үндістаннан Ресейге iPhone сатылса, айыппұл салатынын ескертті.
Ал «Титаникте» қаза тапқан жолаушының сағаты аукционда 2,3 млн долларға сатылды.