Жергілікті биліктің мәліметінше, оқиға сәрсенбі күні кешке арнасынан асқан Бетупалли көлінде болған. Ол Телангана штатының әкімшілік орталығы Хайдарабад қаласынан шығысқа қарай 274 шақырым жерде орналасқан.
Құтқару жұмыстарына қатысып жүрген мамандар мінген екі қайық та аударылып кеткен.
Жергілікті шенеуніктердің хабарлауынша, құтқарушылар су тасқыны салдарынан қиын жағдайға тап болған бес балықшыны эвакуациялауға бара жатқан.
Еске салайық, бұған дейін Үндістанның оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш штатына «Мурасу» қуатты циклоны соғып, бірнеше елді мекенді су басып, жолдарға зақым келгенін хабарлаған едік.