АСТАНА. KAZINFORM — «Фенгал» дауылынан кейін Үндістанда бірнеше штатта су тасқыны болды. Әсіресе Тамилнад штаты зардап шекті. Бұл туралы «Report» басылымы хабарлады.
Ченнай қаласында су тасқыны салдарынан кем дегенде үш адам ток соғудан қаза тапты.
- Штаттың басқа қаласында Виллупурамда бір түнде 1 400 адам эвакуацияланды, - деді аудан коллекторы.
Табиғи апаттан зардап шеккен басқа тұрғындарды көшіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, «Фенгал» дауылды циклоны кеше түнде Үндістанның оңтүстік-шығыс жағалауына жетіп, бірқатар қала мен облысты су басты.
Еске салсақ, бұған дейін Атлант мұхитындағы рекордтық дауыл маусымы аяқталып жатқанын жазған едік.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы