The Times of India басылымының мәліметінше, оқиға 13 қыркүйекте Патиала қаласындағы Нетаджи Субхас атындағы Ұлттық спорт институтының аумағында болған. Кәмелетке толмаған спортшы 18 қыркүйекте полицияға жүгінген. Мақсат Аязбаевты іздестіру үшін бірнеше полиция тобы құрылған.
Қазақстан велоспорт федерациясының мәліметінше, Мақсат Аязбаев соңғы жылдары Қазақстаннан тыс жерде Үндістан тарапымен жасалған келісімшарт бойынша жұмыс істеп, Үндістан ұлттық құрамасын жаттықтырған. Қазіргі уақытта оның Қазақстан құрамасына қатысы жоқ.
Федерация мәліметінше, Үндістанда қылмыстық іс қозғалған, ал тергеу кезінде жаттықтырушының қызметі тоқтатылған.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов ведомство Қазақстан азаматына қатысты жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді.
– Министрлік Үндістандағы Қазақстан азаматына қатысты жағдайдан хабардар. Қазақстандық дипломаттар аталған азаматтың туыстарымен байланыста. Оған консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Министрлік бұл мәселені бақылауда ұстап отыр, – деді Жанболат Үсенов.
Айта кетейік, Түркістан облысында бес жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды.