Штаттың төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі министрі Гириш Махаджанның айтуынша, Мумбай қаласы мен оған көршілес Палгхар және Райгад аудандарына рекордтық жауын-шашын түсті. Бұл табиғи апаттан 13 адам көз жұмған.
— Ең көп зардап шеккен аудан — Мумбайдағы Манкхурд. Онда ғимараттың опырылуы салдарынан 6 адам қаза тауып, бір адам жарақат алды, — деді ол.
Қатты жауын мен көшкін штат аумағындағы теміржол және автомобиль көлігінің қозғалысына да айтарлықтай кедергі келтірді.
Айта кетейік, Үндістанның Тамилнад штатында теңіз өнімдерін өңдейтін кәсіпорында аммиактың таралуынан кемінде 7 адам қаза тауып, 40-тан астам адам зардап шекті.
Биыл мамыр айының соңғы күнінде Үндістанның бірнеше штатында нөсер жаңбыр мен күшті дауыл салдарынан болған түрлі оқиғалардан 28 адам қаза тапты.