Үндістанда өлімге әкелетін Нипах вирусы өршіп тұр

Фото: Report

АСТАНА. KAZINFORM — Үндістанның Калькутта қаласына жақын жерде вакцинасы мен емі жоқ өлімге әкелетін Нипах вирусының өршуі анықталды, деп хабарлайды Report.

Батыс Бенгалия штатында вирустың 5 жағдайы анықталды, оның үшеуі осы аптада тіркелді. Зардап шеккендердің арасында дәрігер, медбике және медициналық мекеменің бір қызметкері бар.

Калькута маңындағы жеке ауруханада жұмыс істейтін тағы екі медбике вирусты жаңа жылдан кейін жұқтырып алған. Екеуінің де қызуы көтеріліп, тыныс алу жолдары бұзылған. Ауру жұқтырған әйелдердің бірі комаға түскен. Ол тестілеу жүргізілмей тұрып қайтыс болған науқасты емдеу кезінде вирус жұқтырған болуы мүмкін деген болжам бар.

Былтыр желтоқсан айында Ұлыбританияда қауіпті вирустың жаңа штамы табылды. Инфекция Азиядан оралған адамнан анықталған.