Агар-Малва ауданы полициясының мәліметі бойынша, апат салдарынан бір отбасының жеті мүшесі, оның ішінде үш бала және екі әйел қаза тапты.
Көлік жүргізушісі де көз жұмған.
Полицияның мәліметінше, қаза тапқандар шығыс Одиша штатынан келген және Мадхья-Прадештегі ғибадатханада дұға оқығаннан кейін үйлеріне қайтып келе жатқан.
Бұған дейін Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатында болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 97 адамға жеткенін жазған едік.