Үндістанда тікұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты
17:15, 09 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Үндістанның Уттаракханд штатында тікұшақ апатынан бес адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды Анадолы ақпарат агенттігі.
India Today хабарлауынша, жеке иеліктегі тікұшақ 8 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00 шамасында Уттаркаши ауданындағы Ганганани ыстық бұлақтарына жақын жерде құлаған.
Жеке мақсатта пайдаланылған жеті орындық тікұшақ Ганготриге қарай бет алған.
Уттаракханд штатының бас министрі Пушкар Сингх Дхами ұшақ апатының себебін тергеуді тапсырғанын хабарлады.
Осыған дейін Нью-Йорк қаласының көрікті жерлерін аралау кезінде тікұшақ Гудзон өзеніне құлап, бір отбасы мен ұшқыш қаза тапқаны туралы жаздық.