Ең ауыр жол апаты 22 қараша күні таңертең Кота ауданындағы Шамбхупура ауылы маңында болған. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан жеңіл көлік жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған.
Салдарынан бір отбасының тоғыз мүшесі қаза тауып, тағы сегіз адам зардап шекті. Қатты соққыдан көлік қатты зақымданып, жолаушылардың кейбірі салонда қысылып қалған. Зардап шеккендерге жергілікті тұрғындар мен полиция қызметкерлері көмекке келген.
Екінші жол апаты 21 қараша күні кешке Джодхпур ауданында болған. Жеңіл көлік жолаушылар тасымалдайтын көлікпен соқтығысып, үш адам қаза тапты, тағы 15 адам жарақат алды.
Қазір екі оқиғаның да мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Үндістанда шағын автобус контейнер тасығыш жүк көлігімен соқтығысып, кемінде 26 адам қаза тапқаны хабарланған.