Үндістандағы ауылды қуатты сел басып, төрт адам қаза тапты

Фото: Видеодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM – Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатында орналасқан Дхарали ауылында болған сел салдарынан кемінде төрт адам қаза тауып, ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды The Times of India.

Ауыл орналасқан Уттаркаш округінің судьясы Прашант Арья төтенше су тасқыны салдарынан төрт адамның мерт болғанын растады.

Үндістанның метеорологиялық қызметі 10 тамызға дейін Уттаракханд аумағында, әсіресе таулы өңірлерде, қатты жауын-шашын жалғасатынын ескертті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үндістанда 14 адам мінген көлік каналға құлап кеткен еді.