Ауыл орналасқан Уттаркаш округінің судьясы Прашант Арья төтенше су тасқыны салдарынан төрт адамның мерт болғанын растады.
00:40, 06 Тамыз 2025
Үндістандағы ауылды қуатты сел басып, төрт адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM – Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатында орналасқан Дхарали ауылында болған сел салдарынан кемінде төрт адам қаза тауып, ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды The Times of India.
Үндістанның метеорологиялық қызметі 10 тамызға дейін Уттаракханд аумағында, әсіресе таулы өңірлерде, қатты жауын-шашын жалғасатынын ескертті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Үндістанда 14 адам мінген көлік каналға құлап кеткен еді.