Мәліметке сәйкес, оқиға теңіз өнімдерін өңдейтін зауыттардың бірінде болған. Апат кезінде кәсіпорында шамамен 120 қызметкер болған.
Улы аммиактың таралуы салдарынан бірнеше жұмысшы көз жұмды. Ондаған адам уланып, тыныс алу қиындауына байланысты шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.
Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қазір апаттың мән-жайы мен аммиактың таралу себептері тексеріліп жатыр.
Жергілікті билік оқиғаға байланысты тергеу бастады.
Осыған дейін Үндістанда әскери ұшақ апатқа ұшырап, бес адам қаза тапқаны туралы жаздық.