НЬЮ-ДЕЛИ. KAZINFORM – Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатында нөсер жауын салдарынан кем дегенде 11 адам қаза болды. Бұл туралы жұма күні жергілікті билік өкілдері хабарлады, деп жазады Синьхуа.
«Жауын-шашын салдарынан қаза тапқан 11 адамның алтауы түрлі суға батып кету оқиғаларынан көз жұмған, екеуі су толтырылған карьерлерге құлады, екеуі найзағай соғып, біреуі қабырғаның опырылуынан қаза тапты», – деп мәлімдеген жергілікті шенеунік журналистерге.
Соңғы 24 сағатта штаттың кейбір бөліктерінде 20 см-ден астам жауын-шашын түсті, деп қосты шенеунік.
Сонымен қатар, билік өкілі өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және басқа да бөлімшелер кез келген оқиғаға сақадай сай екенін мәлімдеді.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы