Үндістанның Орталық банкі негізгі мөлшерлемені 6,5% деңгейінде қалдырды

Фото: Фото: pixabay.com

Үндістанның орталық банкі инфляциялық тәуекелдерді бақылауда ұстай отырып, қатаң ақша-несие саясатын жалғастыратынын ескертті. Сонымен қатар жұма күні негізгі пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды. Kazinform бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Репо мөлшерлемесі 6,5% деңгейінде бірауыздан қабылданды. Үндістанның резервтік банкі (RBI) шілде-қыркүйек аралығында өсімнің болжамнан артық болуына байланысты экономика осы жылы 7% өседі деп отыр.

«Өсім тұрақты және күшті болып қала береді, бұл барлығын таңғалдырады», - дейді Үндістан Орталық банкінің басшысы Шактиканта Дас.

Дегенмен орталық банк өкілдері инфляция болжамы белгісіз болып қала беретінін айтады.

«Қазіргі болжам азық-түлік инфляциясына байланысты тәуекелдер көлеңкесінде тұр», - деді Үндістанның орталық банкінің басшысы.

Үндістанның Орталық банкі инфляцияның өсуін тежеу ​​мақсатында 2022 жылдың мамыр айынан бастап репо мөлшерлемесін 250 базистік тармаққа көтерді.