Ұйым баспасөз қызметінің мәліметінше, UNESCO «Адам және биосфера» бағдарламасының 50 жылдығына орай биоалуандықты сақтауды жақтайтын мүдделі тараптардың қатысуымен Биоалуандық жөніндегі форум ұйымдастырады.
Форум мақсаты – жетекші халықаралық келіссөздерге ықпал ету.
Биоалуандық саласындағы білім мен ноу-хоудың сақтаушысы саналатын UNESCO елу жылдан астам уақыттан бері жер шарының 6 пайыздан астам аумағын қамтитын қорғалатын нысандардағы желілер арқылы экологиялық проблемалардың нақты шешімдерін әзірлеп келеді.