Унитазға түсіріп алған телефонын алмаққа әрекеттенген қытайлықты өрт сөндірушілер құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өрт сөндірушілерге унитазға ұялы телефонын түсіріп алған қытайлық Гуандун провинциясы тұрғынын құтқаруға тура келді.

Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Ер адамың сөзіне қарағанда, түнгі сағат 2-лерде оянып, әжетханаға бет алған, бірақ ұйқылы-ояу жүріп телефонын түсіріп алады. Ол гаджетті алмаққа әрекеттенгенде қолы қысылып қалады. Өздігінен шығара алмайтын болған соң өзгелерді көмекке шақырған. Бірақ оның даусын бір көршісі таңертең ғана естіген көрінеді.

Оқиға орнына келген құтқарушылар  әлгінің қолын шығару үшін унитазды сындыруға мәжбүр болды, деп жазады lenta.ru.