Универсиада 2013: Нұрдәулет Жарманов қола олжалады
07:45, 10 Шілде 2013
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Қазан қаласында жалауы желбіреген Универсиадада жерлесіміз Нұрдәулет Жарманов бокстан 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда өзбек спортшысы Әзизбек Әбдугофуровқа 1:2 есебімен есе жіберді.
Бұл туралы sports.kz сайты жазады.
Бүгін жарыстың ақтық сынында Әбдуғофуров украиндық Дмитрий Митрафановпен күш сынаспақ.