Универсиада-2015: Қазақстан хоккейшілері күміс жүлдеге ие болды - ВИДЕО

МАДРИД. ҚазАқпарат - Бүгін Гранадада Қазақстан құрамасы финалдық бәсекеде ресейлік хоккейшілерге 3:1 есебімен жол берді.

«Біздің жігіттер соңына шейін күресті. Аздап сәттілік қана жетіспеді. Менің ойымша, екінші орын - жақсы нәтиже. Келесі жолы, 2017 жылы Алматыда алтын алуға тырысамыз. Жалпы Универиаданың нәтижесі - Қазақстанның үлкен жеңісі», - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедияров.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 5 алтын және 6 күміс медальмен жалпыкомандалық есеп бойынша 3-орын алды.