6 ақпан күні «Алматы Арена» сарайында сағат 16-00-де керлингтен ерлер мен әйелдер арасында қола жүлде үшін жарыстар өтеді.
Шайбалы хоккейден «қола» мен «алтын» үшін болатын бәсеке Балуан Шолақ спорт сарайында әйелдер арасында сағат 16-30-да және 20-00-де өтеді.
«Шымбұақта» слалом спорты бойынша жарыстар ұйымдастыру көзделген. Уақыты сағат 10-00 және 13-00.
Сонымен қатар биатлон, шаңғы жарысы, шаңғы фристайлы, конькимен сырғанау спорттары бойынша да жарыстар өтпек.
Аталған шаралар туралы толығырақ мына жерден біле аласыздар.