Универсиада-2017: Дмитрий Баландин «қола» иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин Тайбэде өтіп жатқан Жазғы Универсиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол финалдың 100 метр қашықтыққа брасспен жүзу кезеңінде 1 минут және 17 секунд көрсеткішпен үшінші болып келді.   Бұл қашықтық бойынша бір уақытта келген беларустық Илья Шиманович және америкалық Эндрю Лоуренс Уилсон жеңіске жетті.

Жазғы Универсиада-2017.

1. Илья Шиманович (Беларусь) - 1:00.15

2. Эндрю Лоуренс Уилсон (АҚШ) - 1:00.15

3. Дмитрий Баландин (Қазақстан) - 0.02.