АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Тайбэйінде өтіп жатқан жазғы 2017 жылғы универсиада ойындарында тағы бір отандасымыз Қазақстан қоржынына 7 жүлдені салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дзюдодан қыздар арасында Қазақстан намысын қорғап келе жатқан Отгонцэцэг Галбадрах Жазғы Универсиада ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.
48 келі салмақтағы аруымыз 1/8 финалда жапон қызы Умекита Майдан жеңіліп қалған еді. Бағына жарай ол жұбаныш белдесу мүмкіндігіне ие болып, бірінші жұбату белдесуінд Галбадрах австриялық Мара Крафтан айласын асырды. Екінші белдесуінде француз дзюдошысы Джессика Марин Анриден басым түссе, үшінші белбесуінде ол польшалық Йоанна Станкевичті жеңді. Ал қола жүлде үшін өткен белдесуде Мария Персидскаяны ұтып, қола жүлдегер атанды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.