АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Тайбэйінде өтіп жатқан жазғы 2017 жылғы универсиада ойындарында әзірге Қазақстан құрамасы жалпы есепте тоғызыншы орында келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан спортшыларының қоржынында 3 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль бар. Ал Оңтүстік Корея алтын медальдар санын 23-ке жеткізіп, жеке-дара көш бастады. Олардың еншісінде 23 алтын, 14 күміс, 19 қола медаль бар. Екінші орында Күншығыс елінің спортшылары келе жатыр. Олар 18 алтын 11 күміс, 19 қола медальға ие болды. Үздік үшінші орынды Универсиада ойындарын өткізіп жатқан Тайбэй спортшылары түйіндеп тұр.
Әзірге 45 мемлекеттің қоржынында медаль бар. Ең соңғы орындарды бір-бір қола медальдан жеңіп алған Индонезия, Иордания, Молдавия, Норвегия және Швейцария елдері өзара бөлісіп тұр.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.