Универсиада-2017: Керлинг сайысының жеңімпаздары анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда өтіп жатқан 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарында керлингтен қыздар арасындағы жеңімпаздар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финалда жолдары түйіскен Ресей мен Канада құрамалары арасындағы сайыс 8:3 есебімен құрлықтың арғы бетінен келген қонақтарға бұйырды. Осылайша канадалық қыздар 28-қысқы Универсиаданың чемпионы атанды. Ал қола жүлдені шведтер жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы сайысты соңғы, 10-орында аяқтаған болатын.