АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда өтіп жатқан 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарында керлингтен қыздар арасындағы жеңімпаздар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Финалда жолдары түйіскен Ресей мен Канада құрамалары арасындағы сайыс 8:3 есебімен құрлықтың арғы бетінен келген қонақтарға бұйырды. Осылайша канадалық қыздар 28-қысқы Универсиаданың чемпионы атанды. Ал қола жүлдені шведтер жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы сайысты соңғы, 10-орында аяқтаған болатын.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.