АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Тайбэйінде өтіп жатқан жазғы 2017 жылғы универсиада ойындарында әзірге Оңтүстік Корея алтын медальдар саны жағынан көш бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олардың еншісінде әзірге 10 алтын, 7 күміс, 10 қола (27) медаль бар. Екінші орында 8 алтын 8 күміс, 10 қола (26) медаль иеленген жапониялықтар келе жатса, үздік үштікті Тайвань спортшылары қорытындылап тұр. Олардың еншісінде 7 алтын, 11 күміс, 3 қола (21) медаль бар.
Ал жалпы есепте Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 қола (5) медальмен 11-орында келе жатыр.
Екі алтынды ауыр атлеттеріміз Альберт Линдер мен Айдар Қазов жеңіп алса, үш қола медальға ауыр атлет Арли Чонтей, суда жүзуші Дмитрий Баландин және дзюдшымыз Бекәділ Шәймерденов ие болды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.