Отырысқа Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева және ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қатысты.
«12 мың орынды Мұз сарайына - «Алматы арена», 3 мың орынды Мұз аренасына - «Халық арена» атауы берілді», - деді өз сөзінде Универсиада-2017 ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының жетекшісі Наиль Нұров.
Айта кетелік, 12 мың орынды Мұз сарайы және Атлетикалық қалашық - 94 пайызға дайын және қыркүйек айына қарай жабдықтау жұмыстары толығымен аяқталады. Медеу ауданында орналасқан 3 мың орынды Мұз аренасы - 90 пайызға дайын.