Қазақстандық Рүстем Сыбай 382 нәтижені көрсетіп, екінші орын алды. Ресейлік Егор Климонов (383) Универсиаданың рекордын орнатып, чемпион атанды. Таиланд спортшысы Сарат Сумпрадит (381) қола жүлдеге ие болды.
14:48, 24 Тамыз 2017
Универсиада-2017: Рүстем Сыбай күміс жүлдегер
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Тайбэе қаласында өтіп жатқан Универсиада-2017-де 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ауыр атлетшілер жарысы болып өтті, деп хабарлайды Sports.kz.