Универсиада-2017: Жансель Дениз күміс жүлде жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайбэйде өтіп жатқан жазғы Бүкіләлемдік Универсиада ойындарында қазақстандық Жансель Дениз күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркия елінде туып, тарихи отанына оралған таеквондошы аруымыз бүгінде Атырау облысының атынан сынға түсіп жүр. Универсиада ойындарында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол финалға дейін жетіп, шешуші сында Корея елінің спортшысы Ли Давинға есе жіберіп алды.

Айта кету керек, бұл - осы Универсиада ойындарындағы Қазақстан таеквондошыларының  алғашқы медалі.