Универсиада-2019: Бендиден Қазақстан құрамасы Швециядан ұтылып қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ерлер арасындағы допты хоккейден Қазақстан құрамасы Швеция командасынан 13:1 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спорттық бәсеке Красноярск қаласында өтіп жатыр. Швеция құрамасы турнир басталғалы бері бір командадан жеңіліс көрмей көш бастап келеді.

Айта кету керек, мұның алдында Қазақстан құрамасы ойын қожайыны Ресейден - 1:9 есебімен, финдерден 1:4 есебімен жеңілген болатын.

Енді біздің команда топтық раундағы соңғы мүмкіндігін 5 наурызда турнир аутсайдері Норвегиямен болатын матчта сынайды. Матч Астана уақытымен 15:00-де болады.

Қазақстан турнир кестесінде 5 команда ішінде 4-орында тұр. Әйелдер арасында Ресей, Швеция, Норвегия, АҚШ командалары сайысқа түседі. Ерлер арасындағы жартылай финал ойындары 9-10 наурызда өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Красноярсктегі универсиадада 2-12 наурыз аралығында өтеді. Дүбірлі додада 11 спорт түрі бойынша 76 медаль ойнатылады. Қазақстандық құраманың спортшыларымен мына жерден танысуға болады.