АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Краснояр қаласында өтіп жатқан универсиада ойындарында қазақстан қоржынына екінші қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін шаңғышы Әсет Дүйсенов спринт жарысында мәре сызығын үшінші болып кесіп, Қазақстан қоржынына көптен күткен екінші қола медалді салды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жанбота Алдабергенова «шаңғы акробатикасында» 79,38 ұпаймен қола жүлдені еншілеп, Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салған болатын
Осы сайыста 100,29 ұпаймен бірінші орынды Беларусь спортшысы Александра Рамановская алды, екінші орында 91,29 ұпаймен ресейлік Любовь Никитина тұр.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.