Универсиада-2019: Қазақстан құрамасы жеті медальмен жарысты аяқтады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жексенбі, 14 шілдеде Неапольде 2019-Дүниежүзілік Универсиаданың жабылу рәсімі өтті. Қазақстан құрамасы жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Универсиаданың соңғы күні финал және ерлерарасында су добынан үшінші орын үшін жарыс өтеді. «Алтын» медальға Италия менАҚШ таласса, «қола» медаль үшін Ресей мен Венгрия құрамалары ойнайды.

Универсиадаға Қазақстан құрамасы 94 спортшыменбарып, жеті медаль иеленді. Жалғыз «алтынды» дзюдошы Ғалымжан Қырықбай жеңіпалды. Ол абсолютті салмақ дәрежесінде күш сынасып, бірінші болды. Біздіңспортшылар бес рет екінші орын алды.

Күміс медальдарды гимнастшы Нариман Құрбанов пенМилада Карими, жеңіл атлетші Михаил Литвин, таэквондошы Смайыл Дүйсебай (87келіге дейін) және Зоя Кравченко (стендтік ату) иеленді.

Сәрсенкүл Рысбекова (стендтік ату) үшінші орыналды. Қазақстан медальдар саны бойынша 25 орында. Ерлер арасында су добы жарысыбұл көрсеткішке әсер етпейді.

Айта кетейік, былтырғы Универсиадада (Тайбэй-2017)қазақстандық спортшылар үш «алтын», алтыкүміс және жеті қола жүлде иеленген еді. Алтын медальдер саны бойынша ең үлкенкөрсеткіш 2015 жылы Кванджуда (алты) тіркелді.

Соңғы жаңалықтар