УНИВЕРСИАДА-2019: Таэквондошы Смайыл Дүйсебай күміс жүлдегер атанды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Смайыл Дүйсебай Неапольда өтіп жатқан Универсиада ойындарының күміс медалін иеленді деп хабарлайды Olympic.kz.

87 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол жартылай финалда мексикалық АндресСуаресті 11:5 есебімен ұтты. Алайда, финалдық сында Оңтүстік Корея өкіліИнхо Парк Смайылды алтыннан қағып, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, СмайылДүйсебай Универсиаданың «күмісін» қанағат тұтты.

Ескесала кетейік, қазақстандық спортшылардың еншісінде Универсиаданың жеті медалібар. Дзюдошы Ғалымжан Қырықбай чемпион атанса, гимнасттар НариманКурбанов пен Милад Карими, стенд атушы Зоя Кравченко, жеңіл атлет Михаил Литвинжәне таэквондошы Смайыл Дүйсебай «күміс» еншіледі. Қола жүлдені стенд атуданСәрсенкүл Рысбекова иеленген.


Соңғы жаңалықтар