УНИВЕРСИАДА: Қазақстан алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте топ бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Словакияда өтіп жатқан XXVII Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың алғашқы күнінің жалпыкомандалық есебі бойынша Қазақстан құрамасы 2 алтын еншілеп, топ бастады.

Бұл туралы sports.kz жазады.

Ел қоржынына алғашқы алтын медальді шаңғышы қыз Анастасия Слонова салса, биатлоншы Алина Райкова екінші рет әнұранымызды шырқатқан болатын.

Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан топ бастап тұр (2-0-0). Екінші орында - Ресей (1-3-3), ал үшінші орында - Украина (1-0-0).