Кеше қысқы Универсиадада Қазақстан және АҚШ-тың хоккейші қыздары 5-орын үшін таласты, деп хабарлады sports.kz.
Ойын тартысты өтті, кездесу 2:3 есебімен америкалықтардың пайдасына шешілді.
Біздің құрама 12 ақпанда Испания командасымен бақ сынасатын болады.
Бүгін біздің құрамадағы ерлер командасы шайбалы хоккейден Жапония өкілдерімен сынға түседі. Бұл кездесуде жеңген топ жартылай финалға жолдама алады.