АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылғы қысқы Универсиадада екінші алтын жүлдені еншісіне жазғаннан кейін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 6-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүбірлі дода АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатыр. 12 қаңтарда басталған Универсиада 22 қаңтар күні мәресіне жетеді.
Алғашқы алтын медальді биатлоншы Вадим Куралес салса, бүгін шаңғымен трамплиннен секіруден Данил Васильев чемпион атанды.
Осылайша ел құрамасы екі алтыннан кейін медальдар кестесінде 6-орынға көтерілді. Бұдан бұрын құрама 10-орында тұрған еді.
Көш басында Жапония 17 (9-6-2) медальмен келе жатса, одан кейінгі орындардағы Францияның – 9 (2-3-4), Чехияның 5 (2-1-2) медалі бар. Испания 4 (2-1-1) жүлдемен – төртінші, Канада 5 (2-0-3) жүлдемен бесінші сатыда тұр.
Қазірге дейін барлығы 20 құрама медаль алды.
Фото: facebook.com/LakePlacid2023
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.