Ерлер арасында Павел Колмаков алтын, Дмитрий Рейхерд күміс жүлдені жеңіп алды. Ресейлік Сергей Шимбуев үшінші орынды иеленді. Осының алдында әйелдер арасында Юлия Галышева бірінші орынға көтерілген болатын. Бұдан бұрын Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Ю.Галышеваның өткен жылы әлем кубогі кезеңінде алтын, биылғы әлем чемпионатында қола жүлдені еншілеп, ел абыройын асырғаны белгілі. Еске сала кетейік, универсиаданың Словакияда өткен бөлігінде қазақстандықтар 3 алтын, 4 күміс, барлығы жеті медальді иеленген еді. Бұл қазірдің өзінде алдыңғы универсиадада алған жүлделерден әлдеқайда артық.
00:25, 06 Ақпан 2015
Универсиада: қазақстандық могулшілер құрама қоржынына қос алтын, бір күміс медаль қосты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның Гранада қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада қазақстандық могулшілер аса сәтті өнер көрсетті.