Давид Ефремов екінші жолақпен жүгірді. Ерлер арасында кедергілермен жүгіру спринтінің қорытындысы бойынша, қазақстандық спортшы 13,63 секунд нәтижесін көрсетіп, 5-ші орынға тұрақтады. Ефремовпен бір уақытта, яғни 13,63 секундта словениялық спортшы да келді.
Қола жүлдені польшалық спортшы Клижан Кшиштоф (13,55) жеңіп алды. Күміс жүлдеге КХР-ның өкілі Нин Сяохань (13,44) қол жеткізді. Ал жапониялық Тойода Кен (13,40) жеңімпаз атанды.
Чэндудегі Универсиада 28 шілдеден бері өтіп жатыр және ол 8-тамызға дейін жалғасады. Қазақстан атынан онда 11 спорт түрі бойынша 93 атлет өнер көрсетіп жатыр.
Руслан Сүлейменов