Универсиада қорытындысы бойынша Қазақстан 19-орын алды

АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - Қазандағы жазғы универсиадада қазақстандық спортшылар отыз медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Зілтемірші Фархад Харки, жеңіл атлет Маргарита Мукашева және құрамында Олеся Снегиревич, Александра Малиновская және Юлия Морозова бар винтовкамен жатып ату бойынша әйелдер командасы елімізге үш алтын медальды алып келді. Ескекпен жарысудан екі күміс медальді Сергей Емельянов жеңіп алды.

Ресей жалпы командалық есепте жеңіске жетті, екінші орын қытайлықтарда, үздіктер үштігін жапон спортшылары жапты. Жеңіп алған марапаттарының жалпы саны бойынша Қазақстан тоғызыншы сатыда.

Медальдық есеп:
1. Ресей - 292 (155,75,62);
2. Қытай Халық Республикасы - 77 (26,29,22);
3. Жапония - 84 (24,28,32);

19. Қазақстан - 30 (3,11,16).

Қазан қаласындағы Универсиададағы (6-17 шілде) Қазақстанның медальдары

Алтын (3): Қазақстан (Олеся Снегиревич, Александра Малиновская және Юлия Морозова (ату), Маргарита Мұқашева (жеңіл атлектика), Фархад Харки (ауыр атлетика);

Күміс (11): Бейімбет Қанжанов, Бағдат Жарылғасов (самбо), Сергей Емельянов - (байдаркамен және каноэмен есу), Алихан Жұмаев (күрес), Рустам Рустамов, Жан Кособуцкий (бокс), Александр Зайчиков, Карина Горичева (ауыр атлетика), Димаш Молдашев, Эскархан Осканов (белдесіп күресу), Руслан Құрбанов (семсерлесу);

Қола (16): Асхат Жаңбыров, Нұрмахан Тінәлиев, Алмат Кебіспаев (грек-рим күресі), Ажар Кеңбейіл, Ділдәш Құрышбаева (самбо), Қазақстан құрамасы (Олеся Снегиревич, Юлия Морозова, және Александра Малиновская), Қазақстан құрамасы (Эльвира Акчурина, Ангелина Мищук және Жәния Айдарханова) (ату), Қазақстан құрамасы (Дмитрий Алексанин, Эльмир Әлімжанов, Дмитрий Грязнов, Руслан Құрбанов) (семсерлесу), Бердах Пірімбаев (күрес), Ержан Жомарт, Нұрдәулет Жарманов (бокс), Никита Филиппов, Евгений Эктов (жеңіл атлетика), Аян Ермекбаев, Гүлнұр Ерболова (белдесіп күресу).