Универсиада: Никита Акимов ел қоржынына үшінші алтынды салды

Фото: olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Туриндегі қысқы Универсиада ойындарында отандасымыз биатлоннан ерлер арасындағы сайыста (10 км) алтынға қол жеткізді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Турин универсиадасында Биатлоннан ерлер арасындағы 10 шақырым қашықтықта Мирас университетінің студенті Никита Акимов тамаша өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде 3 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль бар.

Бүгін, 18 қаңтарда Италияның Турин қаласында 2025 жылғы Қысқы универсиаданың бесінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, биатлон және мәнерлеп сырғанаудан сынға түсетінін жазған болатынбыз.