Универсиада нысандарын тексерген өрт сөндірушілер бірқатар ұсыныс берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық ТЖД қызметкерлері Универсиада нысандарындағы өрт қауіпсіздігіне қамтамасыз етуге қатысты тексерді. Атлетика ауылында судың берілу мөлшері мен оның қысымы жеткіліксіз екеніндігіне байланысты өрт сөндірушілер нысан басшылығына су құбырының жай-күйін жақсарту жөніндегі ұсыныс берді.

Халықаралық спорттық іс-шараның өртке қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету - FISU Студентік спорттың халықаралық федерациясы талаптарының бірі. Осыған байланысты қалалық ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі шаралар кешенін орындауды жалғастыруда, аталмыш мекеменің баспасөз қызметі.

Атлетика ауылының спорттық объектілерінде және «Алматы Арена» мұз сарайында өрт сөндірудің жедел құжаттамасына түзетулер жасалды.

Профилактикалық шараға Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері, Алатау ауданы ТЖ бөлімінің инспекторлық құрамы тартылды, сондай-ақ ҚР ІІМ ТЖК Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институтының мамандары қатысты, олар:

- қысқы Универсиаданы өткізу кезінде тартылатын сыртқы сумен өртке қарсы қамту жүйесін аспаптық бақылау әдісімен тексерулерді жүргізді. Бұл әдіс өртке қарсы су құбырларының жүйесіндегі тек судың бар-жоқтығын тексеруге мүмкіндігімен қажетті судың келу көлемін және оның қысымын толықтай тексеруге мүмкіндік береді. Бұл объектілердің өртке қарсы қорғануын қамтамасыз етуде барынша толыққанды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

- сондай-ақ адамдарды объектіден эвакуациялаудың әр қабаттың жоспарлары және өрт сөндіру автомобильдерінің кіру жолдарының жоспарлары тексерілді. Жоспарда көрсетілген қауіпсіздік белгілері мен бағыттардың сілтемелері төтенше жағдайлар туындаған кезде адамдар көп жиналатын жерлерден адамдарды эвакуациялау бойынша қажеттік шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

«Тексеру жүйелердің дұрыс істеп жатқандығын, алайда Атлетика ауылында судың берілу мөлшері мен оның қысымы жеткіліксіз екенін көрсетті. Объекті басшылығына су құбырының жай-күйін жақсарту жөнінде ұсыныстар берілді», делінген хабарламада.