Ринатты оның ата-анасы - шаңғы жарысынан жоғары санаттағы бапкерлер Александр мен Сауле Мухиналар жаттықтырады. Оларға СҚО әкімі Ерік Сұлтанов 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.
Ринат Мухин өңір басшысының алғыс хатымен және қаржылай сыйақымен марапатталды.
28-ші қысқы Универсиадада Солтүстік Қазақстан облысының намысын конькиші Роман Креч, Татьяна Климчук, Иван Аржанников, Федор Андреев, Светлана Мальцева, шаңғышы Ринат Мухин мен керлингтен ҚР құрамасының мүшесі Дмитрий Гарагуль қорғады.
Сайыс нәтижесі бойынша конькиші Роман Креч 500 метрлік қашықтықта жетінші орынды алып, 1000 метрлік қашықтықтың қорытындысында сегізінші орынды иеленді. Татьяна Климчук 5000 метр, 3 шақырым дистанцияны бесінші болып аяқтап, үздік ондыққа ілікті.
Бірнеше күннен кейін Жапонияның Саппоро қаласында 8-ші Азия Ойындары басталады. Оған СҚО-дан конькиші Роман Креч, Дмитрий Бабенко, Елена Урванцева, Татьяна Климчук және шаңғышы Ринат Мухин қатысады.