АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада таеквондошы Рита Бакишева (48 келі) чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшы өз салмағында финалда қытайлық Тайбейден келген Хуань Инь Суаньнан басым түсті.
Қазірге дейін ел құрамасы қоржынына 11 медаль түсті.
Оның ішінде бір алтын, бес-бестен күміс және қола медаль бар.
Жазғы универсиада 28 шілде-8 тамыз аралығында өтеді. Онда 10 спорт түрі бойынша 90 қазақстандық сынға түсіп жатыр.
Еске салсақ, биыл айтулы аламанға қазақстандық споршылар 15-мәрте қатысып отыр. 1993 жылдан бері олар барлығы 113 медаль еншілеп үлгерді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.