Универсиадаға 8,5 тоннадан астам кәмпит дайындалды
Универсиаданың қажеттілігі үшін 8,5 тонна шоколадтар, вафлилер және печеньелер ұсынылатыны белгілі болды. «Рахат» кондитер өнімдерін шығаратын белгілі ұлттық брендіміз болғандықтан, Универсиада қонақтары оның өнімдерінен дәм татуға мүмкіндік алатын болады.
Біздің елімізден «Қазақстан» дәстүрлі шоколадын кәдесый ретінде алып кетеді деп үміттенеміз. 8,5 тоннадан астам шоколадтар, вафлилер және печеньелер Универсиадаға беріледі. Екі тоннадан астамы қатысушыларды тамақтандыруға арналса, ал қалған бөлігі спорттық нысандарда өтетін баспасөз мәслихаттары мен ресми іс-шаралар барысында тұтынылатын болады.
«Dr. Web» компаниясымен серіктестік жасағанымызға қуаныштымыз. Аталмыш компания алдағы ойындарда ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді. 2011 жылы 7-ші Азия ойындарында осы компаниямен жұмыс істегенбіз», - дейді 28-ші қысқы Универсиада-2017 ұйымдастыру және өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Камилла Лұқпанова.
Еске сала кетейік, Универсиада Алматы қаласында 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтеді. Жарысқа әлемнің 55 мемлекетінен келетін 2 мыңға жуық спортшылар қатысады. Бұл сайыс 8 нысанда спорттың 12 түрінен өтеді. Барлығы 543 медаль ойнатылады. Сондай-ақ, 3 мың еріктілер мен 30 мың отандық және шетелдік туристер келеді деп күтілуде.